
Елімізде спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын өңір анықталды. Статистика бойынша бірінші орында Ақмола облысы екен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстандағы ащы суға құмар адамдар саны едәуір артқан. Елімізде 15 жастан асқан әрбір тұрғынға шаққанда сегіз жарым литр таза спирттен келеді екен. Ішімдікті тұтыну жағынан Ақмола облысынан кейін Солтүстік Қазақстан тұр. Алғашқы үштікке Қарағанды да кіріпті. Ал Онтүстік Қазақстанның тұрғындары ең аз ішетіндердің қатарында. Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап ащы судың бағасы 45 пайызға артса да, тұтынушылардың саны азаймай тұр.