Қармақшы. Аудан басшылығы Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алып жатқан қармақшылық студент жастармен кездесті.
"Киелі мекен түлектері - Елордада" атты кездесу кешінде болашақ мамандарға оқу орнын бітірісімен туған жерге оралып, алтын бесік - ауылды өркендету ісіне атсалысуды ұсынылды. Өңірде атқарылып жатқан ілкімді жобалар туралы жастарға таныстырылды. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризмді дамыту бағытындағы жоспарларды жүзеге асыруға білікті де білімді жас мамандар қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, аудан басшылығы жастарды "Дипломмен - ауылға", "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында жұмыс жасауға шақырды. Сонымен бірге, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан студент жастарға қаржылай қолдау көрсетілді.