Жыр кеші

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №3 кітапхана мен Қызмет көрсету және сервиз колледжімен бірлесіп ұйымдастырылған ХХ ғасырдағы белгілі қазақ ақындарының бірі – айтулы шайыр ұстаз, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтің туылғанына - 135 жыл толуына орай  «Ойдың тердім маржанын» атты жыр кеші болып өтті. 
Сыр бойы ежелден-ақ орақ ауыз, от тілді шешендер мен көсем қарияларға, жез таңдай әншілер мен айдарынан жел ескен ақын - шайырларға, жыршы - жырауларға, сал-серілерге де кем болмаған. Солардың бірі – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған Тұрмағамбет Ізтілеуов.
Шара барысында: Кеш Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылды. Қызмет көрсету және сервиз колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Нұрымбетова Фарида,  Кірқабақова Нұргүл Т. Ізтілеуовтің зерттеулері және Сыр елінің тарихи мәдени мұраларының құндылықтары жайлы әңгімелеп берді. Студенттер М. Сұлтанбек, М. Отарбаев, Ұ. Әбен, С. Қуатбек, Н. Әбдінәбиев т.б. Т. Ізтілеуовтің «Қамын ойла халқының», «Артқы өмір», «Шырын тіл», «Адамдық іс» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Дария  жырдың  дүлдүлі» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Мақсаты: Сыр өңірінің сүлейлерінің бірі, дүлдүл ақын, сөз зергері Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасымен таныстыру, поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау. Тарихи тұлғаларды танып білуге, ақыл - ойларын, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Ж.ЕҢСЕБАЕВА,

№ 3 кітапхананың кітапханашысы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 646 0