Мемлекет басшысы Беларусь Республикасына барады

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Президенті 2017 жылғы 29-30 қарашада ресми сапармен Беларусь Республикасына барады. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына, Қазақстан-Беларусь бизнес форумының жұмысына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.









ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 404 0