Флойд Мейвезер рингке қайта оралады

Бес түрлі салмақ категориясы бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер тағы да бір кездесу өткізу үшін рингке оралады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Мейвезер рингтегі 51-кездесуін өткізу туралы сенімді адамдарымен бірнеше рет әңгімелескен. 40 жастағы Мейвезер өзінің бұрынғыдай күш-қуатқа толы екенін, Лас-Вегастағы спорт залдардың бірінде тұрақты түрде жаттығып жүргенін айтады.
Естеріңізге сала кетсек, Мейвезер үзілістен кейін бір рет рингке оралған еді. 2015 жылы ол бокстағы кәсіби мансабының аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Артынша Конор МакГрегормен аралас жекпе-жек өткізу үшін қайта оралды.
Жекпе-жек 2017 жылы 27 тамыз күні Лас-Вегаста өтті. Америкалық қарсыласын 10-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша МакГрегормен кездескен Мейвезер өзінің 50-жеңісіне қол жеткізді. Ол осы уақытқа дейін 27 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Осы жекпе-жектен кейін Флойд мансабын тоқтататынын ресми түрде мәлімдеген болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 456 0