
Өткен жұма күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында республикалық «Тіл сақшысы» газетінің 5 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға облыстық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, Қызылорда қаласының мәслихат депутаты, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Е.Байтілес, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев, «Вагон жөндеу-1» депосының басшысы А.Әбдіреев, ҚТЖ Қызылорда бөлімшесі «Нұр Отан» партиясы филиалы хатшысының орынбасары Б.Таңбаева және басқалар құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, газеттің мерейтойына ҚР Парламенті сенаты және мәжіліс депутаттары Мұрат Мұхамедов, Кәрібай Мұсырман және облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы құттықтау жолдады.
Салтанат соңында №267 орта мектептің 6-сынып оқушысы Берік Алтынай «Тіл сақшысы» газетіне арнау өлеңін оқыды. Жиынды газеттің бас редакторы С.Аңсат қорытындылап, тіл жанашырларын марапаттады.
М.ЖАСҰЛАН.