ШЫНАЙЫ ШАРА

Тұңғыш Президент күніне орай №19 балалар кітапханасында «Елбасы – ел тірегі»  атты кітап көрмесі өтті.

Шараның мақсаты жас оқырмандардың Мемлекет басшысына деген құрметін арттыру, өнегелі өмір жолын үлгі ету және Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды. Кітап көрмесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым ауыл баласынан ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолдары, оның достары мен сыныптастарының естеліктері, қоғам қайраткерлері мен белгілі ақын-жазушылардың ой-тол­ғам­дары жазылған кітаптар қойыл­ды. Атап айтар болсақ, Н.Назарбаевтың «Өмірбаян», М.Қасымбековтың «Елін сүй­ген, елі сүйген Елбасы», «Тұлға туралы толғамдар», «Елбасы сыныптастары», «Наш Президент» атты және тағы басқа әдебиеттер  оқырмандарға таныстырылды.

Ш.КҮЛМАҒАНБЕТОВА,

№19 кітапхананың кітапханашысы. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 486 0