
Ресей ғылым академиясы Теориялық және эксперименталды биофизика институтының ғалымдары кейбір сабында қолданылатын триклозан антибиотигінің кесірінен сүтқоректілердің клеткалары өзін-өзі жоятынын дәлелдеді. Зерттеу BBA — Biomembranes журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Мамандар тышқандарға эксперимент жүргізіп, триклозан митохондрияның қалыпты жұмысын бұзып, бауырдағы клеткаларды жаппай жоятын анықтады.
Тәжірибеге сүйенсек, митохондрияның ішіне антибиотик түскен кезде олардың ішкі мембрандарында тесік пайда болады. Соның әсерінен органелланың көлемі екі есе ұлғаяды. Содан соң митохондрияның ішіне дабыл қағатын молекулалар кіріп, клеткаларда апоптоз тудырады.
Кеміргіштерге қарап шығарылған қорытындылар адамдарға сәйкес келеді.
Триклозан антибиотигі 1960 жылдардың ортасында ашылды. Бактериалы және зең ауруларына қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта ЕО және АҚШ-та триклозанды сабындарға қосуға тыйым салынған.
«Ол бізде де жиі кездесе бастады. Сонда да ауруханаларда тркилозанды санитарлық құралдарда әлі қолданып жүр», - деді мақала авторларының бірі Константин Белослудцев.