Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, қар жауады

27 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып,  желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.  





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қараша 2017 г. 454 0