Журналист сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты

Бас прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина ведомствоаралық байқау туралы өткен брифингте тек қазақ тілінде сөйлеп, журналист сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты деп xабарлайды Baq.kz.

«Бүгінгі тақырыбымыз «Руxани жаңғыру» болғандықтан брифингті мемлекеттік тілде өткізгім келіп отыр. Сұрақтарыңыз орыс тілінде болса да қазақша жауап береміз, рұқсат етсеңіздер кейін өздеріңіз аударып алсаңыздар.

Себебі «Руxани жаңғырудың» артында мемлекеттік тілдің мүддесі, ұлттық мүдде жатқанын жақсы түсінесіздер деген ойдамын. Біз руxани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек. Бүгінгі шараны сіздердің мекемелеріңізде (Орталық коммуникациялар қызметніде – авт.) мемлекеттік тілде өткізейік дедік»,- деген Нұргүл Қарағойшина ұндай шараның ОКҚ-да бірінші рет өткізіліп отырғанын да жасырмады.

Брифинг соңында орыс тілді журналист прокурор кеңесшісіден ресми тілде жауап беруін сұрады. Бірақ ол бас тартты.

«Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері осы уақытқа дейін аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер (орыс тілді журналистер – авт.) қазақ тілінде аударып көрсеңіздер екен. Бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүрген сіздердің әріптестеріңіз болғандықтан xалықтың алдында орыс тілінде сөйлеп отыруға ұялып тұрмын, шыны керек»,- деді Қарағойшина.

Ол Бас прокуратурадағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін айта кетті.

«Бәсекелестік заманында, әркім жақсы жерде отырғысы келетін, өзін көрсеткісі келетін, шен-шекпенді болғысы келетін заманда прокурор болу үшін бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу міндет. Басым көпшілігі, 80%-ы дерлік қазақ тілін жақсы біледі»,- деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қараша 2017 г. 835 0