« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы тамақтың аспандаған құны жолаушыларды шошытты. Терминал ішінде бір түйір манты - 500 теңге, ал құймақ – 800 теңге тұрады екен. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісі хабарлайды.
«2016 жылы әлеуметтік желідегі жұрттың наразылығынан соң әуежайлардағы тамақ құны әжептәуір түскен еді. 150 теңге самса жеп, 500 теңгеге кофе ішіп жырғап қалып едік.
Жаңа әуежай ашылып қайта әуендеріне басты. Самсаның бағасы – 800 теңге, бутерброд - 1500 теңге. Бұл кішкентай тіске басардың құны, ал сусындардың бағасын айтуға аузым бармайды. Бұлай болмайды ғой. Мейрамханаға кіруге тіпті мен ұялдым. Мұндағы тамақтардың құны өз бағасынан 10 есе артық. Самсаның құны 800 теңге тұрмайтыны айдан анық.
Оның құрамы: бір түйір ет пен кішкене ұн ғана. Монополияға қарсы, бағаларды реттеу комитеттерді қайда қарап отыр? Әуежайдағылар ойлайды ғой деймін тікұшақпен тек еріккен байлар ғана ұшады деп.
Сондай-ақ терминалдағы барлық жазбалар қазақ, ағылшын тілінде қате-қате жазылған. Халықаралық әуежайдың сыйқы осы болса масқара, ұят! Қайталап айтайын бұл жерде бір мантының құны 500 теңге», - деп ренішін білдірді Әлия Исенова facebook желісіндегі парақшасына.
Әлия Исенова - болашақ бағдарламасының стипендияты, журналист және үш бала тәрбиелеп отырған белсенді ана.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |