« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстанда 27 қарашадан бастап көлік құралдарының иелері жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін (МТНБ) сатып алатын кезде өз қалауы бойынша әріптік комбинацияны да таңдай алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстанда ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 2017 жылғы 27 қарашадан бастап заңды күшіне енеді.
Атап айтқанда, көлік құралының иесіне белгілі цифрлық белгідегі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін алу кезінде ондағы әріптік комбинацияны өз қалауы бойынша таңдап алу құқығы беріледі. Жаңа ереже цифрлық белгідегі МТНБ-нің мына түрлеріне жүреді: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009,100,111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999.
Бұл ереже үш бірдей әріптен тұратын комбинацияларға қатысты емес, өйткені оларға 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғары мемлекеттік баж салынады.
Қазақстан аумағында бастапқы тіркеу кезінде көлік құралын өндірушінің ресми дилерінен (өкілі) алған жағдайда көлік құралын тексеруге ұсыну бойынша міндетті талаптар қойылмайды. Сондай-ақ, көлік құралының иесінің тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайларда да көлік құралын қайта тексеруден өткізу талап етілмейді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |