« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда 820 полицей қызмет бабында қаза тауып, 2232-сі түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтып өтті.
«Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ішкі істер органдарының 1026 қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Олардың 108-і қызмет бабында қаза болғандар. Сонымен бірге, осы аралықта ішкі істер органдарының 820 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан. 2232 қызметкер түрлі жарақат алды. Бұның бәрі - үлкен ерлік. Халықтың тыныш ұйқысы, елдің амандығыүшін атқарып жатқан полиция қызметкерлерінің жұмысы. Сондықтан, патриоттық тұрғыда ел болып, жұрт болып кез келген құқық қорғау органының қызметкерін мақтан тұтуымыз керек деп есептейміз», - дейді Алмас Садубаев.
Еске сала кетсек, бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Бас прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен «Рухани жаңғыру - патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқау өтетінін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, биылғы байқауға 6 мемлекеттік орган қатысады. Олар - Бас прокуратура, ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ.
«Ведомствоаралық байқауға полиция қызметкерлері де ерекше атсалысады. Біз тек қана қолдаймыз. Мұндай сайыстар өте қажет», - дейді Алмас Садубаев.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |