Көліктен 2 ителгі табылды

  31 қазан күні сағат 19.25 шамасында Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «LADA Largus» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөлік ішінен матаға оралған 2 дана ителгі құсын анықтаған. Оқиға орнынан аталған құсты заңсыз тасымалдағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер де ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2017 г. 715 0