« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Аудандық орталық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қарымды қаламгер Сахи Қапардың асқаралы алпыс жасқа толуына орай "Қалам құдіретіне бас иген" тақырыбында кеш өтті.
Қазіргі таңда аудандық "Қазалы" газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқаратын Сахи Бахиұлының кешіне ұжымдастары, түрлі салада қызметтес болған замандастары, ағайын-туыстары мен оқырмандары жиналды.
Көпшілік назарына интерактивті тақта арқылы мерейтой иесінің өмір жолынан сыр шертетін бейнеүзіктер көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері дайындаған "Қаламы қарымды қаламгер" кітап көрмесі ұсынылды.
Әр жылдары Қазалы аудандық «Ленин туы», «Қазыналы Қазалы», «Қазалы айғағы» «Тұран-Қазалы», «Атамекен-Қазалы» басылымдарында, аудандық мәслихатта, «Қазақ тілі» қоғамы Қазалы аудандық бөлімшесінде, Қазалы психологтық-дәрігерлік консультация мекемесінде, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде абыройлы қызмет еткен Сахи Бахиұлы бірнеше шығармашылық байқаулардың жеңімпазы. Түрлі марапаттардың иегері.
Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік журналистің «Аманбай ахун», «Елі сүйген Ержан жырау», «Қазалыдан түлеген текті азамат», «Сағындырған сағым жылдар...» атты кітаптары жарық көрген.
Салтанатты кеште мерейтой иесін құттықтай келген "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Қуат Шарабидинов облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің, "Қазалы" газетінің бас редакторы Дәурен Омаров "Сыр Медиа" серіктестігінің бас директоры, Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаевтың құттықтау хатын оқыды.
Аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бисембаев табыстаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың құттықтау хатында "Сізді ғұмырыңыздың биік белесі – 60 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз осынау жасқа үлкен абыроймен, елдің құрметіне бөленген биік мәртебемен жетіп отырсыз. Ұшқыр қаламыңыз арқылы Елбасы тапсырмасының ауданымызда нәтижелі іске асуын жан-жақты насихаттап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келесіз" деген ілтипат сөздер мен "Мерейлі мереке күні өзіңізге мықты денсаулық, әулетіңізге баянды бақыт тілеймін! Елге қалам қуатымен, шалқар шабытпен қызмет ете беріңіз" деген ақжарма тілек жолдары жазылған. Сондай-ақ, "Қазалы қаласы атауына – 150 жыл" медалін табыс етті
Қазалы ауданы бойынша "Қазақ тілі" қоғамы аудандық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір жылы лебізін білдіріп, "Қазақ тілі" қоғамының бірінші дәрежелі медалін Сахи Бахиұлының кеудесіне тақты. Қаламгердің құдасы Жұмаділ Байғабылов, інісі Дауылбай Қапар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері, ҚР мәдениет саласының үздігі Ғалия Оспан және кітапхана меңгерушісі Индира Назарова құттықтап, шапан шапты. Кеш иесі оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға байланысты әңгіме өрбітті. Сахи Бахиұлының әріптес інісі Есет Табынбаев жүрекжарды жыр-шумақтарын арнап, әсерлі кештің мазмұнын одан әрі аша түсті.
Шара аясында журналистің жуырда ғана Алматы қаласындағы "Мұсылман" баспа үйінен шыққан "Атажұртым – айбыным" шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |