Еркін күрестен ел чемпионатының мықтылары

Жезқазғанда еркін күрестен 2002-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында  ҚР чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан спортшылар қатысқан ел чемпионатында  жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншілеп,өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді.

Атап айтсақ, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары Рүстем Төлен (46 келі) мен Бекзат Тәжі (85 келі), аралдық Асқар Жеңісбеков және жаңақорғандық Нұржігіт Мұстафа (69 келі) Қазақстан чемпиондары атанды. 37 келі салмақта Аягөз Нұрадинова   -    күміс, Аружан Жұмахмет пен 42 келі салмақта Дастан Төлен   -   қола жүлделерді еншіледі.

«Алғашқы айналым маған өте қиынға түсті. Одан кейінгі белдесулер аса бір қиындық туғызбады. Олардан оңай өттім десем де болады. Финалдық кезең басталысымен қателіктерге бой алдырдым, дегенмен, өзіме-өзім келіп, жеңісті жұлып алдым», - деді алтын медаль иегері Бекзат Тәжі.

Спортшыларды жарысқа Еламан Мұратов, Мейрамбек Рахметов, Ильман Изатов және Бақтияр Сапаровтар дайындады. Сыр балуандары енді қараша айының соңында Көкшетауда өтетін халықаралық жарыста бақтарын сынайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2017 г. 608 0