« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ресейдің Медынь қаласында ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен өткен Әлем чемпионатынан жерлестеріміз табысты оралды. Әлемнің 31 елінен мықтылар қатысқан дүбірлі додада еліміздің спортшылары 8 жүлдеге ие болса, оның үшеуі жерлестеріміздің еншісінде болды.
Атап айтсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде байқоңырлықтар,ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әліби Қалила мен спорт шеберіне үміткер, 75 келіде Нұршат Аманқосов және спорт шебері,Арал ауданының тумасы Әліби Болатұлы 80 келіде сынға түсіп, күміс жүлделерді иеленді.
Үш спортшы да Қазақстан құрама команда мүшелері, Ә.Қалила мен Ә.Болатұлы биылғы жылғы Азия чемпиондары.
Спортшыларды дайындаған бапкерлері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олжас Акимов, Нұрбек Жармаханов және Қазыбек Алтруов.
Айтулы сайыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте – екінші, Ресей – бірінші, Өзбекстан – үшінші орындарды еншіледі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |