« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және «Қамыстыбас балық питомнигі» 30.01.2017 жылы «Мемлекеттік сатып алу бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту бюджеттік бағдарлама» туралы келісім-шарт жасалған.
Осы келісім – шарттың негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өсімін молайту кешенінің кәсіпорындары «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын балық шаруашылығы су айдындарына Питомникте өсірілген бір жаздық және екі жаздық балық шабақтарын жібереді.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бұйрығының негізінде, РМҚК «Қамыстыбас балық питомнигінде» балық шаруашылығы су айдындарына жіберілетін балық шабақтарының есебін алу бойынша комиссия құрылып, комиссия мүшелері-Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Арал филиалы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен, 20 қыркүйек 2017 жылы « Қамыстыбас балық питомнигінде» балық шабақтарын су айдындарына жіберу науқаны басталды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК питомникте тұқы, ақамур, дөңмаңдай тұқымдарының түрлері өсіріледі. Осы жұмыстарды жүргізу үшін жалпы көлемі 263 га тоған шаруашылығы ұйымдастырылған. Тоғанға электронасоспен тұрақты түрде су беріліп, үнемі ауыстырылып тұрады.
Су айдындарын балықтандыру жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайында жұртшылықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету мақсатында БАҚ өкілдері қатысты.
Балықтандыру науқаны 2017 жылдың 10 қазанында аяқталып, 14 млн. 800 мың дана осы жаздық, 420 мың дана екінші кезектегі екі жаздық тұқы, дөңмаңдай, ақамур балық шабақтары Қамбаш көліне, Сырдария өзеніне және жергілікті су айдындарына жіберілді.
Р.Сәдуақасов,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |