Бизнес-идеялар байқауы басталды

Қызылордада «Baikonur Start-up» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді. 

Оған Қызылорда қаласы мен облысының 18-29 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Байқауды өткізудің негізгі идеясы, инновациялық қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы, неғұрлым талантты және әлеуметтік жауапты жастарды анықтау және қолдау, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Қатысу үшін 2017 жылдың 5 желтоқсанына дейін 401057a@gmail.com электрондық мекен-жайына толтырылған қатысушы өтінімін жолдау қажет.

Байқаудың міндеттері:

- өңірде ең белсенді және перспективалы жастарды айқындау;

- өңірде жаңа бизнес ашуға қолдау көрсетуге жағдай жасау;

- өңірлік деңгейдегі қызықты идеяларды және жобаларды айқындау және әзірлеу;  

 - өз бизнесін құруға дайын жас кәсіпкерлер қозғалысын қалыптастыру.

Байқауға Қызылорда облысының барлық өңірлерінің жас тұрғындары (18 ден 29 жас қоса алғанда) қатыса алады. Байқауға қатысушылар өтінімді және бизнес-идея туралы ақпаратты (презентация түрінде) ұйымдастырушыға жолдайды. Барлық қатысушылар үшін ортақ ережелер

- Байқауға тек Қызылорда облысы аумағында тұратын азаматтар қатыса алады;

- жас шамасы (өтінім беруші, құрылтайшы) - 18 ден 29 жас қоса алғанда;

- қатысушы бизнесті дамытуға жоспарлаған өңірдің, даму ерекшеліктерін білуі қажет;

 - әр қатысушы конкурсқа қатысу үшін бір бизнес-жобаның тұжырымдамасын ұсына алады;

- өтінімдерді іріктеу ұйымдастырушылар тарапынан модерациялау процедурасынан өтеді. Конкурсқа алкоголь және темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесіндегі, сондай-ақ нәпсіқұмарлық және экстремисттік сипатағы жобаларды жүзеге асыруға арналған өтінімдер қабылданбайды.

- рентабельді және пайдалы жоба, озық идея;

- қатысушының ұсынған жобамен нақты айналысуға ниеттілігі;

 - жоба комерциялық болуы тиіс.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

 Бірінші кезең - қосымшада көрсетілген үлгіге сәйкес, өтінімдерді қабылдау. Конкурстың шарттарына сәйкес, өтінімдер алдын-ала іріктеу кезеңінен өтеді.

Екінші кезең - байқау комиссиясы (ТАӘ қосымшада көрсетілген) финалистерді іріктеуден өткізеді. Екінші кезеңнің қорытындысымен 6 финалист таңдалады.

Үшінші кезең – Байқау финалы. Жеңімпаздарды айқындау.

Өтінімдер белгіленген мерзімде, облыс әкімдігінің ресми сайтында орналасқан үлгі бойынша ұйымдастырушының электронды мекен-жайына (401057a@gmail.com) қабылданады. Мерзімнен кеін тапсырылған өтінімдер, қарастырылмайды. Қатысушылар өтінімге өз қосымшаларын тіркей алады. Қосымшаға шектеулер және арнайы форма жоқ.

Ол үшін қатысушыларға өзінің бизнес идеясын қорғау үшін алдын-ала презентация әзірлеп қою қажет. Дайындық үшін алдын-ала уақыт қаралмаған. Барлық жобалар тианыстырылып болғаннан кейін, байқау комиссиясы 6 финалистті анықтайды, олар 1 орын – 1 финалист, 2 орын – 2 финалист және 3 орын – 3 финалист тиісінше; Финалистерді анықтау ашық түрде өткізіледі және сыбайлас жемқорлықты көздемейді.

Байқаудың аяқаталу нәтижесімен алты үздік үміткерлер келесідей гранттармен марапатталады:

1 орын (1 финалист) – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

2 орын (2 финалист) – 200 000 (екі жүз мың) теңгеден;

3 орын (3 финалист) – 100 000 (жүз мың) теңгеден.

Байқаудың ұйымдастырушысы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы табылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2017 г. 834 0