« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҚР ІІМ 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 161 бұйрығымен бекітілген 2017 жылға арналған Операциялық жоспардың 74-тармағын орындау мақсатында, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 20-24 қараша күндері аралығында Республикалық «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында Байқоңыр қалалық пробация қызметі Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарымен қатар олармен тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілді.
Іс шара барысында үш сотталғанның жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталып, екі шартты түрде сотталғанның пробациялық бақылау мерзімі ұзартуға Байқоңыр қалалық сотына ұсыныс келтірілсе, бір бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған сотталғанға қатысты қалалық сотқа бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыныс жолданды.
Н.С. Баймурзаев
Байқоныр қалалық пробация
қызметінің бөлім бастығы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |