Кітап көрмесі

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елбасымен нұрлы болашаққа» атты көлемді ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.

Көрменің мақсаты – Елбасының өмірі мен шығармашылығын, рухани өсу жолдарын, ел басқарудағы көрегендік қабілетін кеңінен таныстыру арқылы өнегелі өмірін жастарға үлгі қылу, өскелең жас ұрпақтың бойына еңбекқорлық, адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Кітап көрмемен танысу барысында өскелең ұрпақ Елбасының төл туындылары мен Президент туралы жазылған құнды дүниелермен «Президенттік билік: Жемісті 20 жыл», Махмут Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» очерктер жинағы , Елбасының халықаралық форумдарда, конференцияларда, әлем елдерінің көшбасшыларымен болған түрлі кездесулерде түскен фотосуреттерімен, отбасылық суреттермен танысты, шара қонағы «Болашақ» университетінің  «Тарих» пәніңің оқытушысы  Жәнібек.Қонысов Елбасы жайлы тың  ақпараттармен  шараны толықтырды. Шараға қатысушылар Елбасының өмірі мен еңбек жолдары, шығармаларынан үлкен әсер алды. Елбасының өміріне үңіліп, оның тарихи жолын тануға бір қадам жақындатқан шара өте қызық өтті, Елбасының өмір тарихы мен қызмет жолын тануға бағытталған көрме әлі екі апта бойы жалғасады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2017 г. 846 0