VIP-нөмірлерден қанша пайда таптық?

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко көліктердің «ерекше» нөмірлерін сату арқылы елімізге қанша табыс түскенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«3 жыл ішінде ҚР ІІМ мамандандырылған ХҚКО арқылы 15760 автокөлік нөмірін сатып, 5 миллиард 548 миллион теңге пайда тапты», - деді Божко Мәжілістің Үкімет сағатында.
Сондай-ақ, ол келесі жылы мамандандырылған ХҚКО тағы екі облыста ашылатынын мәлімдеді.
«Келесі жылы мамандандырылған ХҚКО Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ашылады», - деді халық қалаулысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2017 г. 478 0