Димаш Құдайберген әйгілі Голливудты бағындырды

Ерекше даусымен әлем жұртшылығын таңдай қақтырып, талайдың жүрегін жаулаған қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген әйгілі Голливуд ұйымдастырған марапат кешінде топ жарып шықты деп хабарлайды nur.kz.
Қуанышты жаңалықпен әншінің өзі желідегі ресми парақшасында бөліскен.
"Құрметті, менің тыңдармандарым!!!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" марапаттау кешiнде "Moonlight over the Sea" атты əнім "The best original song of video game"(Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор: Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан Америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын!! Тілеулес ағайынға барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін",- деп жазды Димаш.
Сүйінші хабарды естіген тыңдармандары әншіге ақ жарма тілектерін арнап, жарыса құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2017 г. 480 0