ЖЕДЕЛХАТ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы мен академик А.Таймановтың 100 жылдығына орай Ресей Ректорлар одағының президенті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің рек­торы, академик В.А.Садов­ничийден облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың және Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мем­лекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисеновтің атына жеделхат келді.
Жеделхатта былай делінген:

«Аса құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Аса құрметті Қылышбай Алдабергенұлы !
Қымбатты әріптестер!  

Ресейлік Ректорлар ода­ғының, М.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің ұжымы және жеке өз атымнан екі ерек­ше оқиға – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің 80 жылдығымен, академик Асан Дабысұлы Таймановтың туғанына 100 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.
Қорқыт ата атындағы университет білім әлемінде Қызылорда облысының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін тиімді шешуде, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңаша көзқарасты қалыптастырып келе жатқан байырғы білім ошақтарының бірі.
Біздің елдердің ғылыми білім кеңістігінде математика бойынша Екінші Тайманов оқуларын мерейтойлық шаралар шеңберінде өткізудің айрықша маңызы бар екенін атап өткім келеді. Кемеңгер ғалым, Мәскеу университетінің түлегі, өз ісіне шексіз берілген Асан Дабысұлының есімі  біздің жүрегімізде үлгілі зерттеуші, халықтар достығы мен ұрпақтар сабақтастығы жолында аяусыз еңбек еткен тұлға ретінде мәңгі сақталады.  
Оны еске алу құрметіне өткізіліп жатқан оқулар ірі ғылыми оқиға болып саналады. Бұл оқулардың тағылымы, оның барысында айтылған ұсыныстар оған қатысушылар мен қонақтарға пайдалы болып іс жүзінде қолдануға негіз қалайтынына сенім білдіремін.  
Қызылорда облысының әкімдігіне, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымына, сондай-ақ Тайманов оқуларына қатысушылар мен ұйымдастырушыларға еңбектерінің жемісті болуына ізгі тілегімді білдіремін».

В.А.САДОВНИЧИЙ,  
Ресей Ректорлар одағының президенті,  
Мәскеу университетінің ректоры,
академик.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2017 г. 571 0