ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев биылғы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы  жайында кеңінен  айтып берді.  
Жаңақорған ауданы биылғы жылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, биыл аудан кәсіпкерлік саласы бойынша үздік деп танылды. Барлық салада ілгерілеу байқалып, жемісті еңбек етіп келеді. Мұны атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстардан аңғаруға болады.  
Жалпы, ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру биылғы жылы 73332 млн теңге болып, нақты көлем индексінің өсімі 104,8 пайызды құрады. Сонымен қатар, аудан экономикасының өркендеуіне үлес қосып отырған «Қазатомпром» АҚ-ға қарасты уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм ЖШС, Байкен-U, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт салып жатқан СКЗ –U  ЖШС кәсіпорындары бар. Ал,  аудандағы ең  үлкен кәсіпорын «Шалқия» Цинк ЛТД» АҚ саналады. Кеніште 500 адам еңбек етеді. Оның 300-і жергілікті тұрғындар. «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС қиыршық тас, жуылған құм, кірпіш өнімдерін шығаратын өндіріс орны. Кәсіпорынның инженерлік инфраструктурасына 37 млн теңге бөлініп, жаңадан 30 жұмыс орны ашылады  деп жоспарлануда.  Сонымен бірге ауданда көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін халықаралық стандартқа сәйкес өңдейтін  «ТатуАгро» ЖШС  шаруақожалығы дамып келеді. Қазіргі кезде онда томат пастасы мен шырынын шығаруда. Бұдан бөлек «ҚызылордаAGROPlus» ЖШС жылына 12 мың 750 тонна томат пастасын шығаратын зауыттың құрылысын салуға дайындық жұмыстары басталды. Жоба құны 2 млрд 850 млн теңге. Ол толық қуаттылықта жұмыс жасағанда 600 адам жұмыспен қамтылмақ. Тамшылатып суару технологиясымен 3000 гектар жерге қызанақ егіледі.  
Биылғы жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъекті саны 3252-ге жеткен. Оның  
234-і заңды тұлға болса, 1114-і шаруа қожалығы, 1904-і жеке кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкерлік саласында 9213 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге аудан  бойынша «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында ауыл шаруашылығымен, қызмет көрсету салаларымен, өңдеу өнеркәсібімен айналысатын құны 996,9 млн теңге болатын 132 жобаға несие алу жоспарланған. Екінші деңгейлі банктер арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  құны 78,7 млн теңге болатын 5 жоба қаржыландырылды. Мұнан өзге аталған бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты биыл ауданнан 17 жоба ұсынылған. Осы жобалардың ішінен 6-ы грант жеңіп алды. Ауданда шағын кәсіппен айналысып, шаруасын дөңгелентіп отырған іскерлер саны жылдан жылға артып келеді.  
Ауданның ауылшаруашылық саласында толымды тірліктер атқарылып, нәтижесінде егін бітік шықты. Мал басы көбейіп, шаруашылықтар саны артқан. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының жалпы 9163 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 111,4 пайызды құраған.  Аталған саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 124,7 млн теңгені құрап, 2,1 есеге өскен. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биылғы жылға бекітілген жоспардан 2,8 есеге артық орындалған. Нәтижесінде 744 бас аналық сиыр, 26 бас асылтұқымды ет бағытындағы бұқа алынған. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2017 жылға бекітілген жоспарда 125 бас сатып алу жоспарланып, 4,6 есеге артық орындалған. «Құлан» бағдарламасы бойынша 63 бас бие сатып алу көзделіп, бұл меже 119 пайызға артығымен жүзеге асқан. Мал болдақылау алаңдары көптеп салынған. Осы ретте ет өндірумен айналысатын 9 кооперативтің 184 мүшесі несие алып, мал бордақылау және ет өнімдерін өндіру жұмыстарымен айналысып жатыр.  
Брифингте аудан басшысы құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз еместігін жеткізді.  Биылғы жылы аталған салаға 2666 325,5 мың теңге қаржы бөлініп, ретімен игерілген. Ал, республикалық және облыстық бюджеттен 1257247 мың теңге қаржыға Төменарық және М.Нәлібаев ауылдарынан 300 орындық мектептің құрылысы жүріп, үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. Мұнан өзге Қожамберді ауылынан – 200, Аққұмнан – 100, Түгіскеннен –  300 және кенттен 300 орындық мектеп құрылыстары жүріп жатыр. Жаңа мектептер келер жылы ел игілігіне берілмек. Түгіскен ауылынан  денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 140 орындық балабақша салынуда.  Жаңақорған кентінің Саяжай аймағында қосымша 20 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салуға жеке инвестор тарту арқылы 18 пәтерлі үш қабатты бір тұрғын үйдің құрылысы салынған. Алдағы уақытта 36 пәтерлі 15 төрт қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында туризм саласы бойынша 11 субъекті тіркелген. Оның 2-і балалар лагері,  4-і қонақ үй. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі  бойында 6 сервистік қызмет көрсету нысанының 4-і қызмет көрсетеді. Сонымен бірге туристік маршурттарға жататын Сығанақ, Көккесене, Қатын қамал, Ақтас, аудандағы Құмиян, Өзгент, Төлегетай-Қылышты кесенесі мен Қорасан ата туристер қызығушылығы артып, жиі келетін орынға айналды. Брифингте аудан басшысы алдағы уақытта да тындырымды істер атқарыла беретінін айтып, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

Сара АДАЙБАЕВА.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2017 г. 782 0