Келесі жылы мұнай бағасы қандай болады?

2018 жылы Brent маркалы мұнай бағасы 65-70 доллар, ал WTI бағасы 60-65 доллар шамасында болады. Мұндай болжамды Petroleum World агенттігінің сарапшысы және басшысы Элио Оэп мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшының айтуынша, енді мұнай бағасы 50 доллардан төмен түспейді.
«50 доллардан төмен баға қарастырылмайды да. АҚШ энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, егер OPEK (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - редакция) өзінің қорын сақтап тұрса, 2018 жылы сұраныс өседі. Ал, мұндай болжамға сәйкес, келесі жылы мұнай бағасы 60-70 доллар болады», - деді Элио Оэп.
OPEK және оның құрамына кірмейтін бірқатар ел 2016 жылдың аяғында Венадағы кездесуде тәулігіне 1,8 миллион баррельден аз мұнай өндіруге келіскен. Оның 300 мыңы Ресейге жеткізіледі. Аталған келісім 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына деп жасалған, ал мамыр айында тағы тоғыз айға - 2018 жылдың наурызына дейін созылған.
Айта кетейік, 6 қарашада мұнай бағасы 64 доллардан асқан. Лондон биржасында болған сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы екі жарым жыл бұрынғы рекордқа жеткен. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2015 жылдың маусым айында тіркелген.
Мұнайдың күрт қымбаттауын сарапшылар Сауд Арабиясындағы саяси ахуалмен байланыстырады. Бұл елде жексенбі күні корольдік әулеттің бірнеше мүшесі, министрлер және бизнесмендер – барлығы қырық шақты адам ұсталған болатын. Ертесі ханзада Мансур бин Мукрин бастаған бірнеше лауазымды тұлға Йеменмен шекарада тікұшақ апатынан қаза тапты. Кей жорамалдар бойынша, король Салманның ұлы, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман осылайша позициясын күшейтіп, қауіпті қарсыластарынан құтылып жатыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 550 0