« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына орай еліміздің әрбір аймағында «Туған жерге тағзым» акциясы белсенді түрде өтуде. Шараға Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы да өз үлесін қосуда.
Талсуат елді мекенінде орналасқан №2 Қызылорда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығындағы емделушілерге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, режиссер Р.Әбдіраштің «Алмас қылыш» көркем фильмі көрсетілді. Фильмде тар жол тайғақ кешулерден өтіп, азаттық үшін күрескен қазақ халқының, «Қазақ хандығы» атты жас мемлекетке айналғаны туралы баяндалады. Фильмді көруге 80 адам қамтылып, зор ықыласпен тамашалады.
Сондай-ақ, осы акция аясында 13 қараша күні Талсуат елді мекенінде орналасқан «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» балалар орталығында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының жанынан құрылған балалар шығармашылығы студиясының және «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының «Ән тартуым достарға» атты концерті мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Аңшы бала» көркем фильмі тарту етілді. Бұл фильмде қала баласының ауылға барып ауыл тіршілігімен танысқаны туралы баяндалады. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат мүмкіндігі шектеліп дүние келген жарымжан балаларға рухани дем беру, мәдени өмірге араластыру, өнер мен мәдениеттің тың жаңалықтарымен сусындату. Шараға 50-ге тарта көрермен қамтылып, осы орталықтың балалары мен тәрбиешілері жас өнерпаздардың өнеріне дән риза болып алғыстарын білдірді.
Б.Есмұрзаева.
Облыстық халық шығармашылығын
дамыту және мәдени-продюсерлік
орталығының бөлім меңгерушісі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |