« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Арал аудандық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен Арал, Қармақшы, Қазалы аудандық және Байқоңыр қалалық соттары судьяларының қатысуымен өткен семинар шеңберінде Арал өңірінің өндірістік-тарихи орындары мен аудан орталығындағы мұражайларға экскурсия ұйымдастырылды.
Алғашында судьялар Аралдың балық зауытында болды. Өткен ғасырдың 70 жылдары Арал теңізі тартыла бастап, халық ата кәсіптен ажырап, атамекеннен үдере көшуге мәжбүр болған. Тіпті бір кездері теңіздің жер бетінен жойылып кету қаупі туындағаны белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Аралды құтқаруға байланысты бастамаларының нәтижесінде әлемнің сегізінші кереметіне баланған САРАТС жобасы қолға алынған. Жоба жүзеге асып, су жағасындағы тіршілік қайта жанданып, балықшылар ата кәсіппен қауышты. Бүгінде Арал теңізінен ауланған балықтар жергілікті зауыттарда өңделіп, өнімдер Дания, Польша, Ресей, Грузия, Әзербайжан елдеріне экспортталады.
Бұдан соң судьялар аудандық тарихи-өлкетанушылық мұражайында болды. Мұнда олар Кеңес үкіметі тұсындағы атақты балықшылар жайлы мәліметтерге қанықты. Мұражайдағы жәдігерлер Арал балықшыларының және балық шаруашылығының өңірде қайта жандануына бағытталған. 1200-ден аса жәдігерлер жинақталған мұражай ежелгі «Көпес үйі» мен «Лев Берг» кеме залынан тұрады, ондағы жәдігерлер өңірдегі балық шаруашылығының кешегі және бүгінгі жайы туралы мағлұмат береді.
Судьялар қазақ әдебиетінде айшықты орны бар атақты «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Курляндия» кітаптарының авторы Әбдіжәміл Нұрпейсов атындағы әдебиет үйінде болып, жазушының шығармаларымен танысты.
Семинарға келген судьялар мұражайларда болған уақытта Арал өңірінің тарихына терең үңілуге, өлкенің айтулы оқиғалары мен тарихи құндылықтарын танып білуге мүмкіндік бергенін, өздерінің бұл сапардан жақсы әсер алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |