« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
XIII ұлттық жастар Дельфий ойындарынан жерлестер жүлделі оралды. Павлодарда өткен өнер бәйгесіне 36 жас қатысып, құрама бойынша 6-шы орынға тұрақтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында “Ашық Азаматтық Қоғам” ақпараттық-ресурстық орталығы” қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов мәлімдеді.
– Бұған дейін өткен облыстық сайысқа 200-ге жуық жас қатысқан еді. Ал республикалық деңгейді қамтыған байқауда 600 өнерпаз бағын сынады. Ойындар фортепиано, скрипка, саксофон, баян, аккордеон, академиялық және дәстүрлі ән салу, эстрадалық орындау, халық биі, заманауи және классикалық би, бейнелеу өнері секілді номинациялар бойынша жүргізілді. Нәтижесінде №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Еркебұлан Қуандық, шиелілік Ділназ Ташмұхамед алтыннан алқа тақты. Декоративті-қолданбалы өнерімен Жанна Әбубәкір ерекшеленді. “Домбыра” сайысынан Әнел Қархожақова, “Фортепианодан” Нұрсұлтан Амангелдіұлы күміс медаль иеленді. Сонымен қатар “академиялық ән салу номинациясы” бойынша екі қатысушыға Қазақстан опера орындаушысы А.Жылтыркөзовтің арнайы дипломы мен сыйақысы тапсырылды, – деді Ә.Әліқұлов.
Айта кетейік, Дельфий ойындарын өткізудегі басты мақсат – жастарды мәдениет пен өнердің озық үлгісінде тәрбиелеу, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін арттыру. XX ғасырда жандана бастаған ойын бүгінде әлемнің 100-ге тарта мемлекетінде қолдау тауып отыр.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |