« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласында «Текті сөздің төресі – терме» атты дәстүрлі республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Жыр додасына облыс атынан қатысқан Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің қызметкері, облыстық филармониясының дәстүрлі орындаушысы Сүгірбай Марат жүлделі ІІ орынға ие болды.
Республикалық байқауда Астана, Алматы қалалары мен 14 аймақтың жыр дүлділдері бақ сынады. Текті өнердің насихатшылары ел бірлігі мен Алашорданың 100 жылдығын жырға қосты. Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңілін дөп басты.
Өнерпаздардың шеберлігін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенова, жырау, жыршы Мұқаш Қожахметов және Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі Амандық Көмеков бағалады.
Сондай-ақ, Ақмола облысы, Щучье көлінің жағалауындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 18-22 жас аралығындағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау, қолдау мақсатында өткен «Тілдарын» республикалық олимпиадасында Арал қаласының Н.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Әбубәкірова жүлделі І орынды иеленді.
Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы 4 тамыз-7 қыркүйек аралығында «Үздік сабақ» байқауын жариялаған болатын. Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен, мектеп мұғалімдері мен сала мамандардан мемлекеттік тілді оқытудың сан түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды. Арнайы құрылған қомиссия байқауға жолданған 500-ге жуық материалдың 300-ін ғана іріктеп, сайтта жариялаған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Әсел Бахытова 2-орын қол жеткізді.
Облысымыздың атын шығарып, тіл мерейін үстем еткен жастарымызға алар асулары көп болсын дегіміз келеді.
Мартана ДӘУЛЕТБАЕВА,
облыстық ішкі саясат
басқармасының әдіскері.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |