ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҚТЫ СҮЙЕДІ

Облыстық табиғи ресурстар және таби­ғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен электрондық және электр қалдықтарын жинау мақсатында «Технодом» сауда желісінде «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз» атты  акция өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – қала тұр­ғын­дарын, жеке және заңды тұлғаларды қоқыстарды бөлек жинау тәжір­бие­сіне қатыс­тыру және қауіпті қалдықтарды, оның ішінде электрондық және электр құралдарын жи­наудың қолайлы механизмін айқындау.

Акцияда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және облыс бойынша экология департаментінің мамандары, электрондық және электр қалдықтарын жою қызметімен айналысатын «Теміржас Group» ЖШС-ның директоры Н.Керімбердиев және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жастары қатысып, өңір тұрғындарына электрондық және электр құралдарын жинаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ең оңтайлы тәсілдері туралы таныстырылым шарасын жүргізді.

Аталған акция өңір тұр­ғын­дары үшін өте тиімді және адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін аса маңызды. Нәтижесінде электронды және қауіпті қал­дық­тар жинақ­талып, залалсыздандыру үшін мамандандырылған мекемелерге тапсырылды.

 

А.ҚАНАЛИЕВА, 

облыстық табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 474 0