РУХАНИ ӘУЕН ӘЛЕМІ

Біз рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қа­ны­мызға сіңген ізгіқасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттықсананың кемелденуін білдіреді. Салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әде­биетіміз,ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталуы тиіс. Бұл – шынайы патриотизмнің маңызды көрі­ністерінің бірі. Мұның барлығы Елбасының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген негізгі ойлардантуындап отыр. Осыны негізге алған облыстық филармония ұжымы Қазалы ауданындаболып, «Рухани әуен әлемі» атты концерт өткізді.

«Туғанжерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға жұртшылық көптеп қатысты.Концерт «Томирис» би ансамбілінің «Нұр шашу» биімен ашылды. 

КонцерттеГ.Әлиханова, Д.Есен­­теміров, Ж.Төлебай, О.Нұ­ралиев, Н.Нұраддинова сындымәдениет майталмандары өнер көрсетті.

Осылайша,Гүлфира Әлиханова бастаған өнер иелері қазалылық кө­рер­мендердің ықыласына бө­ленді.

 

А.БЕК.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 454 0