| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалы ауданында қайырымдылық акциясы басталды. Басты мақсат – қоғамдағы әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, өмірге деген талпыныстарын ояту, өмірлік кедергілерді жеңуіне жәрдемдесу. Акцияның ашылуына қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Асанжан Ешнияз «Садақаңды сауыңда бер» - деген тағылымды сөзді тағы бір еске салып, барша тұрғындарды қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырды.
Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданында «Барлығы да рахмет үшін!» әлеуметтік дүкені ашылып, жыл көлемінде 800-ден астам көмекке мұқтаж жандарға киімдер тегін таратылды. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы үшін беріледі.
Қайырымдылық шарасы биылғы жылы да түрлі бағытта жалғаспақ.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |