ҮЗДІК СТУДЕНТ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше «Болашақ» университетінің студенттер сарайында облыстық «Үздік студент-2017» байқауы өтті.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық бірлестігі жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырды. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жастарды 17 қараша – халықаралық Студенттер күнімен құттықтап, талапкерлерге сәттілік тіледі. Шара жас дарындарды анықтаумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру қолдауға, олардың әлеуметтік тұрғыда бейімделуіне мүмкіндік беруімен ерекшеленді. Талапкерлер төрт кезең тойынша бақ сынады.

Нәтижесінде І орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Ұлжалғас Кеңесбек иеленді. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Асылзат Кеңес – ІІ орын, «Болашақ» колледжінің студенті Динара Ешнияз ІІІ орыннан көрінді. Басқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Н.САНИЯЗОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2017 г. 916 0