«Жанарсыз да жарық әлем»

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 13 қараша Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай «Жанарсыз да жарық әлем» атты Брайль жүйесі бойынша жазудан сайыс өткізілді. 

Сайысқа қатысушылардың басым көпшілігі өздігімен үйренген оқырмандар. Өйткені, көз мүгедектеріне арналған мектеп Алматы қаласында болғандықтан оқырмандар кітапхана жанынан құрылған  «Брайль үйірмесінде» дайындалады. Шараны кітапхана директоры Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы ашып оқырмандарды мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Үздік оқырман» номинациясымен белсенді оқырмандар марапатталып кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.  

Аталған шараның өз деңгейінде өтуіне "Абзал Проект–Консалтинг" ЖШС-нің директоры Сәрсенбаев Мұрат Абайұлына, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Мырзабеков Салкадин, ЖШС «СМП-Қызылорда» директоры Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы демеушілік жасады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2017 г. 703 0