« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекбанов басшылық жасайтын аудандық ардагерлер ұйымының өнегелі істері Сыр өңірі, қалаберді республика көлеміне жақсы танымал. Қашанда ел ішіндегі игі жұмыстардың басы - қасында жүретін осынау іргелі ұйым бұл жолы да көпшіліктің көңілінен табылды. Ардагерлер ұйымы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп ұйымдастырған «Ардагер ақындар мүшайрасы-2017»байқауы аса тартымды өтті.
Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мүшайраға елді мекендер, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінен көпшілікке танымал ақындар қатысты. Халықтар достығын, еліміздің өсіп – өркендеу жолын, саяси тұрақтылықты дәріптеуді тұтынған байқауға белгілі әнші Галя Оспанова, ардагер өнерпаз Ұлжан Ахметова, ақындар Сержан Берденұлы, Ермекбай Ағыраев қазылық жасады.
Сайыс қортындысында Жанқожа батыр ауылынан келген ақын Әли Шайқұлов, кент тұрғыны Мақсат Айгелдиев, Қазалы қаласының ақыны Салия Дүзбаева облыстық ақындар мүшайрасына жолдама алды. Барша қатысушылар мен жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов марапаттар тапсырды. Байқау соңында өзіміз тілдескен Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев әрбір адам үшін ардагерлердің орны ерекше екендігін, аға буынға жасалар құрметтің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.
Шара шын мәнісінде жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көз көрді. Десе де көңілді құлазытқан жайтты да жеткізе кетсек. Атшаптырым залға көрермендер саусақпен санарлықтай ғана жиналды. Бәлкім, жұмыс уақытында өткен соң солай болуы да. Алайда шалғай ауылдардан ат арытып жеткен ардагер ақын аға - апалар жыр сүйер қауыммен жүздескенде бір ғанибет болар еді деген ойды несіне жасырамыз. Ақындардың әсіресе егде тартқан адамның жаны кез келген нәрсеге марқайып, болмашыға мұңайып қалатыны белгілі.
Оған қоса Елбасымыздың «Ардагерлер-біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз. Олар еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Сондықтан біз олардың еңбектерін әрқашан да ұмытпай бағалап, ардагерлерге ілтипат, құрметпен қатар тұрмыстық -әлеуметтік қамқорлық көрсетуіміз керек» деген сөзі текке айтылды деймісіз.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |