Шиелі. Аудандағы орталық "Оқшы Ата" мешітіне Алла разылығы үшін демушілерден жиналған қаржы мен азық-түліктер әр аптаның сенбі күні аудандағы тұрмысы төмен 3 жанұяға қайырымдылық көмек ретінде берілуде. Игі шараға куә болған отбасылар өз қуаныштарын білдіріп, алғыстарын жеткізуде. "Бұл игі амалдарды естіп демеушілік білдіріп жатқан азаматтардың саны артуда. Мұндай қайрымдылық шаралар алдағы уақытта үлкен көлемде жалғасатын болады" - деді ауданның бас имамы Рахат Ахметов.