« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сыр өңіріндегі ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің ордасы, еліміздегі іргелі оқы орындарының бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. Соның аясында «Спорт», «Рухани жаңғыру», «Ардагерлер – ардақты жандар», «Ақпараттық технологиялар және инновациялық жобалар», «Ғылым және мәдениет» күндері бойынша қоғамдық-мәдени шаралар өтті. Алда «Халықаралық байланыс», «Түлектер», «Руханият», «Көшбасылар», «Білім күндері» аясында да мерекелік іс-шаралары жалғасын табады.
Мұнай қалдықтары инновациялық жолмен
қайта өңделетін болады
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында университет ғалымдары құны 95 млн. теңгені құрайтын, «Инновацичлық технология бойынша мұнай құрамды қалдықтарды өңдеу» ғылыми жобасының грантын жеңіп алды. Мұндағы негізгі бағыт - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу.
Бүгінде осы жобаға байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлік-бейіндік зертханасында Германиядан арнайы қондырғы жасау жұмыстары жүргізілуде.
Мәдени мұра – ел байлығы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында Филология, тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра – ел байлығы тақырыбында» студенттер арасында интеллектуалдық сайыс өтті.
Оған Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының студенттері қатысты. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар кемел келешектің нақты бағыттарын баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Сайыс «Кім жылдам?», «Дода», «Суреттер сөйлейді», «Бейне сұрақ», «Puzzle» турлары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде жеңімпаз студенттер анықталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
«Сәлем, ҚМУ» өнер фестивалі өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай Экономика және ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен «Сәлем, ҚМУ!» атты 1-курс студенттері арасында өнер фестивалі өтті.
Онда студенттер «Таныстыру», «Өз өнері», «Косплей» және «Кинопародия» турлары бойынша өнер көрсетті. Қорытындысында жеңімпаз командалар анықталып, арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Рухани жаңғыру – болашаққа сенім
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «30 жұлдызды күн» аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін өткізді.
Кітап көрмесі Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тарихи маңызы зор мақаласына арналып, бірнеше бағыттарды қамтыды. «Тарих толқынында» деп аталған бірінші бөлімге бір ғасырда жететін жетістіктерге ширек ғасырда қол жеткізген Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалын әлемдік деңгейде баяндайтын кітаптар, мерзімдік басылымдар, фото-суреттер мен құжаттар қойылды. Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыру мақсатында ұлттық сана-сезімді төл тарихымыздан, бабалар қалдырған асыл мұралардан тұшынып, қайта жаңғырту қажеттігі жайын насихаттайтын құнды дүниелер кітап көрмесінің «Ұлттық код – «Мәдени мұра» деп аталған екінші бөлімінде көрініс тапты.
Екі миллионнан аса қоры бар байырғы кітапхананың мақсаты мен міндеті білім іздеген, ғылыммен айналысқан әрбір оқырманға сапалы, тиімді қызмет көрсету және еліміздің ұстанып отырған озық үлгілі тәрбиелік мәні зор, рухани құндылықтарды сақтап, насихаттап, түрлі іс-шаралар өткізіп, жас ұрпақтың өсіп-жетілуіне ат салысу. Аталмыш кітап көрмесі ғылыми-техникалық кітапханада бір ай бойына тұрады және басқа тақырыптағы іс-шаралар өз жалғасын табады.
Тарихтан - тағылым
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Мәдени мұра – рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды.
Орталық жетекшісі т.ғ.к., Әзілхан Тәжікеев алдымен орталықтың негізгі атқаратын жұмыстары мен маңызын айта келіп, көне дәуірлік мұралардың құндылықтарына тоқталды. 2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалды. Сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Ал 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен РФ Астрахан облысындағы, Батыс Монғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедиция жұмыстары жүргізілді.
80 жылдыққа 80 минуттық жаттығу
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «80 жылдыққа 80 минуттық жаттығу» тақырыбында университет профессор-оқытушылары мен студенттерінің сенбілік сергіту сәті өтті. Оған оқу орнынан 200-ге жуық адам қатысты. Шара барысында арқан тартыс, кір тасын көтеру, жүгіру және өзге де спорт түрлерінен сайыстар өтті. Сыр өңіріндегі 80 жылдық тарихы бар университетте үлкен жетістіктердің бастауы, толайым табыстардың жаршысы бола білген 500-ге жуық білікті профессор-оқытушылар қызмет етеді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш іс-шара университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында «Жұлдызды 30 күн» атты жоспар аясында көрсетілуде.
Спартакиада мәресіне жетті
30 қазан – 3 қараша күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Сергектік және денсаулық» тақырыбында 1-курс студенттері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |