Жаңақорған. Ауданда балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс ұйымдарда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартылуын қамтамасыз етуге мән беріледі.
Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Жаңақорған спорт клубы» жанынан жаңадан ашылғанын таэквондо үйірмесінде 80-ге жуық жас жеткіншектер осы спорт түрімен шұғылдануда. «Басты мақсат-жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдаланып, келешекте түрлі деңгейдегі аламан додаларында ауданымыздың мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көріну»-дейді, таэквондо жаттықтырушысы Камилжан Нақышпанов.