« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда қаласындағы №278 мектепте «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мен алдын алу механизмдерін жетілдіру» тақырыбында семинар өтті. Оған құқық қорғау саласының және емханалардағы әлеуметтік қызмет көрсету мамандары мен «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қызметкерлері қатысты.
Шараның басты мақсаты – тиісті орындармен бірлесе отырып, әйелдердің отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрмеуін және алдын алу бағытында жұмыс жасау болып табылады.
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әйелдердің саны артып келеді. Мұны дағдарыс орталығына келушілердің қатары көбейгеннен байқауға болады. Семинар барысында арнайы дайындалған «Қорғансыздың күні» атты бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды. Шарада құқық қорғау саласы мамандарының тақырып аясында дайындалған баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жалпы, Қызылорда қаласында 2011 жылы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы ашылған болатын. Орталыққа отбасынан зорлық-зомбылық көріп, жәбірленген әйелдер жеткізіледі. Дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов орталықтың жұмысы мен ондағы тоғысқан түрлі тағдырлардың жай-күйін баяндады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды таныстырды. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызмет көрсету мамандығы енгізілгенін айтты. Сонымен бірге орталық «Арай-3» шағын ауданына ауысып, жаңа нысанға орналасқанын жеткізді.
Жиында құқық қорғау саласының мамандары тұрмысы қиын отбасылармен қалай жұмыс жасау керектігін айтып, атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Айта кетерлігі, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты емхана қызметкерлерінің атқаратын жұмыстары да пысықталды.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |