« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Табиғат заңдылығының сақталу жағдайын тексеру барысында биылдыққа 500-ге тарта құқықбұзушылық анықталды. Оның басым бөлігі балық шаруашылығы мен аңшылықтың айналасында.
Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев 477 әкімшілік іс қозғалып, оның 102-сі сотқа жолданғанын жеткізді. 477 адам жауапқа тартылып, 4331,5 мың теңге айыппұлдың 4025,2 мыңы өндірілді. 14 факт негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Басқарма басшысы артылған міндеттердің қалай орындалып жатқанын айтып берді. Бүгінде аймақтағы орманды жерлердің 89 пайызын сексеуіл алқабы алып жатыр. Облыс әкімінің таяудағы қаулысымен «Барсакелмес» қорығының аумағы 2300 гектарға кеңейді. Мұнда құландар санының өсу динамикасы байқалады.
– Мәлімет бойынша «Барсакелместегі» құландар саны 500-дей болатын. Алдағы уақытта тағы санақ жүргізілмек. Жылма-жыл өз төлі есебінен көбейіп келетін жануарлар саны енді 600-ге жетуі мүмкін, – деді Ғ.Орақбаев.
Биыл тоғыз айда облыстың су айдындарында осы жылға бөлінген лимиттің тең жартысы игерілді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |