Аралда базар бағасы тұрақты

Арал ауданындағы азық-түліктің бағасы қалыпты жағдайда. Мұндай қорытындыны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының аудандағы арнайы сарапшы мамандары жасап отыр. 
Аудан әкімі Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен әлеуметтік маңызды тауарлар мен азық-түлік түрлері бағасын тұрақтандыру мәселесіне орай арнайы құрылған кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға азық-түлік базарлары мен дүкендердің, дәріханалар мен жанар жағар май бекеттерінің жетекшілері, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен аудандық бақылаушы органдар басшылары қатысты. 
Тиісті мамандар күнделікті сауда нүктелеріндегі азық -түлік бағасына мониторинг жүргізіп, бақылау жасап отырады. Мамандар соңғы үш күннің көлемінде бағаның кенеттен көтерілуі байқалған жоқ дейді. Жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы тұрақты. Қанттың келісі – 150 , макарон өнімдері – 100, бір бөлке нанның құны – 45, сүттің литрі 165 теңгені құрап отыр. Биылғы жылы бидай өнімдері мен ұнның бағасы 1 кг 80 теңге болса, картоп 90 теңге. Аудан бойынша азық қоры да талапқа сай жасақталған. Сондықтан алдағы уақытты азық-түліктің бағасында айтарлықтай өзгерістер болмайды, -деді сарапшылар. Аудан басшысы азық-түлік базарлар мен дәріхана, жанар жағар май бекеттерінің жетекшілеріне өз сауда кәсіпорындарында бағаны тұрақтандыру мәселесін бақылауда ұстау қажеттігін айтты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2014 г. 960 0