Теміржол басшылығы Сексеуіл кентін дамытпақ

Теміржол басшылығы Сексеуіл кентін дамытпақАрал. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  Сексеуіл кентінің дамуына көңіл бөлмекші.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлаунша, бұл үшін 20 млрд теңге, оның ішінде әлеуметтік салаға 3 млрд теңге инвестиция салу жоспарда бар. Оған темір жол құрылыс кәсіпорындары арқылы жаңа темір жол вокзалы ғимараты, екі пәтерлі 64 қызметтік тұрғын үй, 300 орындық мектеп спорт залымен, 280 орындық балабақша, 3,3 шақырым айналма жол, темір жол мекемелеріне қызмет көрсететін нысандар салынады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2014 г. 1 396 0