Еліміздің кей аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2017 г. 485 0