« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Көркемсурет галереясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер бояулары» тақырыбында жиын өтті. Оған облыстың танымал суретшілері мен осы салаға бағыт алған жастар қатысты.
Шараның басты мақсаты жастарды сурет өнеріне баулу, олардың шығармашылығын дамыту болып табылады.
Алдымен суретшілер жастарға арнап шеберлік класын өткізді. Сабақты Шәкірбек Саменов, Яссауи Ағытаев және Аманкелді Кененбаев сынды белгілі қылқалам шеберлері жүргізді. Шара барысында Көркемсурет галереясының басшысы Гүлнәр Рамазанова өткізіліп жатқан жиынның жастар үшін маңызы зор екенін айтты. Сонымен бірге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген шаралар өтіп, түрлі тақырыптағы көрмелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Сондай-ақ, галерея қорына суретші Көлбай Әбілханұлы «Күйші», «Сақпаншылар» атты туындыларын және талантты жас суретші Дәулет Тойшыбаев салған суретін сыйға тарту етті. Жалпы, қазіргі таңда қылқалам шеберлері Көркемсурет галереясына өз туындыларын сыйға тарту акциясына белсенді атсалысуда.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |