ҚҰРМЕТТІ МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында өткізген «Рухани жаңғыру және қазақ ұлттық әліпбиі» атты кеңейтілген мәжілісте зиялы қауым өкілдері қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруді «халық көптен күткен тарихи таңдау» деп бағалап, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Журналистер Одағы осыған қатысты Үндеу қабылдады.

Жиында Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының Президенті, академик Мұрат Жұрынов, шығыстанушы ғалым, филология ғылымының докторы Дербісәлі Әбсаттар қажы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек және жерлесіміз, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сәдуақас Аңсат Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрметті мүшелігіне қабылданып, мемлекеттік тілді насихаттау мен оны өмірге ендірудегі қайраткерлігі үшін «Ана тілі» айрықша белгісімен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 600 0