« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жалағаш аудандық сотының судьясы Темірбаев Тұрар Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері мен мұғалімдері арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Жалағаш ауданының индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Ғ.Серікбаев, «Жалағаш Жаршысы» газетінің тілшісі Н.Қазбеков, аудандық соттың аға сот жасауылы, колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты, колледж студенттері мен мұғалімдеріне кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік жауаптылығы мен оларға әкімшілік жаза қолданудың ерекшеліктері туралы және «Сот кабинеті» электронды сервисінің мүмкіндіктері оның ішінде мобильдік қосымшасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Шара барысында студенттер сот саласында соңғы уақытта орын алып жатқан игі өзгерістер жайлы ақпараттар алып, судьяға сұрақ қойып өзге де көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Судья Т.Темірбаев, іс-шараға қатысушы студенттерге барлық уақытта заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын айта келе оқуды жақсы аяқтап, білікті маман болуларына тілек білдірді.
Кездесу соңында ұстаздар қауымы өздерінің алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын және оқушыларға үлкен әсер беретінін атап өтті.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |