Қармақшы. Аудандағы Төребай би ауылында 2009 жылы ашылған "Қырмызы" тігін ательесінде екі адам жұмыс істейді.
Олар дайындаған киіз баулар, басқұрлар, құрақ көрпешелер, қыз жасауы жабдықтарына ауыл адамдарынан ғана емес, басқа ауылдардан да сұраныстар көп түсіп жатады. Бақыт Жетпісбаева пен Орынтай Нәрібаева болашақта "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша несие алып, тігіншілер санын көбейту арқылы ұлттық киімдер, сүранысқа сәйкес әр түрлі кәсіп иелерінің киімдерін тігіп, жұмыс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.