«Спорт – әлем жаршысы»

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің 2017 жылғы 2 жартыжылдықтың мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің теолог мамандарының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеушілерге  арнап  «Спорт – әлем жаршысы» атты  сайыс өткізілді. 

Аталған шараға мекемедегі 40-тан аса жаза мерзімін өтеуші азамат қатысып, тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан  сынға түсті. Сайыстың тартысты әрі әділ өтуіне Қызылорда қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері Б.Мектепханұлымен А.Кенжебекұлы  төрелік етіп, үздік нәтиже көрсеткен жаза мерзімін өтеушілер жүлделі орындарды  иеленіп,  арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ж.Ілияс,

САТЖЖ бөлімінің 

теологиялық оңалту тобының аға инспекторы

әділет кіші лейтенанты

 

 


 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 520 0