Басын 180 градусқа бұратын бала

Пәкістандық 14 жастағы Мухаммед Самир басын 180 градусқа бұра алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Caters Clips-ке сілтеме жасап ren.tv жазады.

Калачи қаласында тұратын жасөспірім басын 180 градусқа бұра алады.

Баланың айтуынша, оның мұндай қимыл жасауына голливудтің бір қорқынышты фильмінің актері себепкер болған.

Мухаммед бірнеше ай жаттыққаннан кейін басын қолының көмегімен бұра алатын деңгейге жеткен.

Хабарламада айтылғандай, қазір жасөспірім биге қатысып, өзінің шеберлігін одан сайын шыңдауға кірісіпті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 489 0